User Guide - Windows 8
5 Сенсорлы тақтаның қимылдары,
меңзегіш құрылғылар жəне
пернетақта арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (таңдаулы
үлгілерде ғана) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар
компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде)
орындалады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық
сенсорлы тақта, сенсорлы экран немесе пернетақта көмегімен орындалатын жалпы
тапсырмалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде кірістірілген сандық пернетақта болуы мүмкін.
33










