User Guide - Windows 8
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта меңзегіш құрылғыны экранда саусақтар арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əрбір қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Приложения (Бағдарламалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранында п əрпін жазыңыз.
Панель управления (Басқару тақтасы), одан кейін Оборудование и звук (Жабдық жəне
дыбыс) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сенсорная панель Synaptics (Synaptics сенсорлы тақтасы) параметрін таңдаңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
1. Synaptics TouchPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе
қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз.
2. применить (қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
●
Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз.
Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу
үшін сенсорлы тақтаны саусақпен басып ұстап тұрыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану 35










