User Guide - Windows 8

Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді. Windows логотипті перне
қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Ақпаратқа жылдам қол жеткізу немесе пернелер не пернелер тіркесімдері көмегімен
функцияларды орындау үшін компьютерде екі түрлі əдіс бар.
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернесі тағайындалған функцияны орындайды. f1 мен f4, f5 (тек кейбір үлгілерде) жəне
f6 мен f12 пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Setup
Utility (BIOS) жəне System Diagnostics 87-бетте бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса мұқият болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты
түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін
сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 43