User Guide - Windows 8

Белгіше Перне Сипаттама
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Бұл əрекет пернесі компьютерден
бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында кескіндерді
ауыстырып көрсетеді.
f5 Сəулеленетін жарықтандырғышы бар пернетақта функциясын өшіреді немесе
қосады.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f11 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Microsoft Windows 8 пернелер тіркесімдерін пайдалану
Microsoft Windows 8 жүйесінде əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдері бар.
Бірнеше пернелер тіркесімі Windows 8 мүмкіндіктерін орындауға көмектеседі. Əрекетті орындау
үшін пернені Windows логотипті пернемен
бірге басыңыз.
Windows 8 пернелер тіркесімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) орталығына өтіңіз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Пернеле
р
тіркесімі
Перне Сипаттама
Ашық болған бағдарламадан немесе жұмыс үстелінен бастау
экранына жылдам қайтарады. Перне қайта басылған кезде,
алдыңғы экран ашылады.
+ ч Шебер түймелерді ашады.
44 Бап 5 Сенсорлы тақтаның қимылдары, меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта арқылы
шарлау