User Guide - Windows 8

Ұйқылық немесе күту күйін қосу
Microsoft® Windows жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқылық күй жəне күту күйі бар.
Ұйқылықұйқылық күй не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос
тұрғаннан кейін автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады жəне ұйқылық күйден
шығу жылдам іске асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз.
Қосымша ақпаратты
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу 49-бетте бөлімінен қараңыз.
Күту күйікүту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне
компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРІМ: Күту күйін қолмен қосқыңыз келсе, оны Windows басқару тақтасындағы қуат
параметрлерінде қосыңыз. Қосымша ақпаратты
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту
күйін қосу немесе күйден шығу 49-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек
таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде əдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам
іске қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқылық күй: RST мүмкіндігі ұйқылық күйді таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден
шығу үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат
түймешігін тез басып
қалыңыз.
Күту күйі: RST мүмкіндігі күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не
сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым
төмен деңгейге жеткенде қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) ішінде өшіруге болады. Күту күйін қосқыңыз
келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз тиіс.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден
шығу 49-бетте бөлімін қараңыз.
48 Бап 6 Қуат басқару