User Guide - Windows 8

Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Дисплейді жабыңыз.
Бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз. Шебер
түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден
шығу
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін Windows басқару тақтасының «Қуат параметрлері» пəрменін
пайдаланыңыз:
1. Бастау экранында питание (қуат) деп жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін, одан
кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры
электропитания (
Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
3. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
4. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
5. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін
таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Ұйқылық немесе күту күйін қосу 49