User Guide - Windows 8

Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын жұмыс үстелінде көру
үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші
белгішесін басып, тізімнен бір тармақты
таңдаңыз. Сондай-ақ, бастау экранында питание
(қуат) деп теріп, Параметры (Параметрлер) пəрменінен кейін Параметры питания (Қуат
параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану 51