User Guide - Windows 8

Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерге
орнатылған кезде жəне АТ адаптері компьютерден ажыратылған кезде, компьютер автоматты
түрде батарея қуатына ауысады жəне батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін дисплей
жарықтығы төмендейді. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты
басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, Справка и
Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР
қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея
тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге
берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру
батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз
немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны компьютерден шығарып алыңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 53