User Guide - Windows 8
Батарея ақпаратын табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР
қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
● Батареяны
тексеру
● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік)
пəрменін таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
●
Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден пайдаланушы
арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты
сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
– немесе –
●
Жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін «Қуат көрсеткішін
пайдалану» бөлімін қараңыз.
54 Бап 6 Қуат басқару










