User Guide - Windows 8

Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютерде күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын жəне құрғақ жерде
бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйіп қалу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Нұсқаулықтарға қол жеткізу үшін бастау экранында HP
Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басып, Мой компьютер
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 55