User Guide - Windows 8
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу
Диск жетектері – ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютердің бағдарламалық құралдары,
амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск
немесе қатты күйдегі диск бар. Кейбір компьютерлерде дыбыс жəне бейне файлдарын CD,
DVD дискілерінен немесе (тек таңдаулы үлгілерде) Blu-ray дискінен (BD) оқуға не жазуға
мүмкіндік беретін
ішкі оптикалық диск болады.
Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында оптикалық диск немесе қатты диск
сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек сатылады) жалғаңыз немесе сандық жад картасын тікелей
телефоннан не камерадан салыңыз. Компьютердің USB портына жалғанған USB флэш жетегі
де деректерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір құрылғылар жұмыс істеу үшін
компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің
жеке қуат көздері болады. Кейбір
құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты Желіге қосылу 20-бетте
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
61










