User Guide - Windows 8
USB құрылғысын пайдалану
Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер
немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін қосуға қолданылатын
жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады.
Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар. Осы компьютердегі USB порттарының түрлері
туралы білу үшін,
Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз. Компьютермен үйлесімді
құрылғыларды сатып алу керек.
Түрі Сипаттама
USB 2.0 Деректерді 60 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
USB 3.0 Деректерді 640 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
SuperSpeed деп те аталатын USB 3.0 порттары USB 1.0
жəне 2.0 құрылғыларымен үйлесімді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағында белгіше пайда
болады.
62 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу










