User Guide - Windows 8
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, құрылғымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан жабдық белгішесін басыңыз. Безопасное извлечение устройств и дисков
(Құрылғылар мен дискілерді қауіпсіз шығарып алу) хабарламасы экранға шығарылады.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. USB белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB құрылғысын пайдалану 63










