User Guide - Windows 8

Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу
Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан жабдықты шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу 65