User Guide - Windows 8
Оптикалық дискілерді шығарып алу
1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып,
салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Мəліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану жəне
бағдарламалық құралдарға қатынау
Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен
ғана шектелмейсіз. Желідегі компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен мəліметтерді
бірлесіп пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: Фильмі немесе ойыны бар DVD дискі сияқты диск көшірмелеуден қорғалған болса,
оны ортақ пайдалану мүмкін емес.
Бір желідегі қалталар мен кітапханаларды бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын басыңыз.
2. Библиотеки (Кітапханалар) терезесінің Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын
нұқып, Отдельные люди (Арнайы адамдар) параметрін таңдаңыз.
3. Общий доступ к файлам (Файлдарды ортақтастыру) жолағына атын теріп, Добавить
(Қосу) түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
68 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу










