User Guide - Windows 8
8. Қатты диск кабелін (3) қатты дискіден ажыратыңыз.
Қатты дискіні орнату үшін, осы процедураны керісінше орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Екінші қатты дискіні орнату кезінде диск кабелін жалғаудың алдында оны кабель
қысқыштарының астына жақсылап енгізіңіз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. USB портына жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard
қорғамайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде
қайта орналастырады).
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
Компьютер жұмысын жақсарту 73










