User Guide - Windows 8

HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріңіз. Настройки (Параметрлер), одан кейін
Дефрагментация и оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау
жəне
оңтайландыру) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Бастау экранында диск деп теріңіз. Настройки (Параметрлер), одан кейін Освобождение
места на диске за счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы
дискіде орын босату) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған
үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса,
өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімібұл
компьютердегі жадтың
көлемін ұлғайту.
Компьютердің екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары компьютер түбінде қатты диск
қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе
жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулімен қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
74 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету