User Guide - Windows 8
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда немесе ұйқылық күйде болған кезде, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
6. Қызмет көрсету есігін шешіңіз.
7. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз
(1).
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
Компьютер жұмысын жақсарту 75










