User Guide - Windows 8

Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар
қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен
дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық
құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін
. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз.
НР бағдарламалардың ең соңғы нұсқаларын жүктеңіз жəне де жаңа нұсқалар бар екені туралы
автоматты ескертулерді алу үшін тіркеліңіз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Компьютерді тазалау
Компьютерді жəне сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға
көмектеседі. Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң жəне кір бөлшектері жиналуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер;
олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Дисплейді, құрылғының шеттері мен қақпағын тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз.
Шеттерін жəне қақпағын тазалау үшін, алдын ала ылғалдандырылған бактерицидтік шүберекті
пайдаланыңыз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадағы пернелер арасына тіпті компьютерді тазалау барысында да
ешқашан су тамызбаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, спирті жоқ əйнек
тазалағышқа суланған жұмсақ микроталшық матаны, майы жоқ электр зарядын
жібермейтін матаны (мысалы, күдері сияқты) немесе бір рет пайдаланылатын
зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей
тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 77