User Guide - Windows 8
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу
қажет.
●
Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін Windows жүйесіне
орнатылған əкімші құпиясөзімен алмастыруға болмайды
немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе
жойылған күйде көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Бірінші рет тексеру кезінде қосылғанда
сұралатын құпиясөзді енгізсеңіз, Setup Utility (BIOS)
утилитасына кіру үшін əкімші құпиясөзін енгізу қажет
болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
енгізу қажет.
●
Қосылғанда сұралатын құпиясөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін
болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз орнатылған,
енгізілген, өзгертілген
немесе жойылған күйде
көрсетіледі.
Əкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату,
өзгерту немесе жою:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта
бастаңыз да, esc пернесі жылдам басылғаннан кейін, f10 пернесін басыңыз.
2. Көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп
тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
3. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі
пернелерді басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді
орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір не бірнеше саусақ
ізін тіркеңіз.
Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 5-бетте бөлімінен қараңыз.
82 Бап 9 Компьютер мен ақпаратты қорғау










