User Guide - Windows 8

HP SimplePass бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
HP SimplePass бағдарламалық құралы компьютерді қауіпсіздендіру жəне компьютер мен құпия
сөзбен қорғалған веб-тораптарға оңай кіруге көмектесетін ыңғайлы интерфейс ұсынады.
Тіркелген саусақ ізін келесі амалдар үшін пайдаланыңыз:
Windows жүйесіне кіру;
веб-тораптарды жəне жүйеге кіруді қажет ететін басқа бағдарламаларды ашу;
пайдаланушы аты мен құпия сөзді талап ететін кез келген бағдарлама үшін жазба
мəліметтерін жасауға мүмкіндік беретін «Single Sign On» (Бір реті кіру) қызметін орнату;
компьютерде бірнеше пайдаланушы үшін қорғалған есептік жазбалар орнату;
Қосымша ақпаратты HP SimplePass бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ іздерін тіркеу
HP SimplePass бағдарламалық құралымен бір немесе бірнеше саусақ ізін тіркеу үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын іске қосу үшін саусағыңызды саусақ ізін оқу құрылғысына
тигізіңіз.
немесе
Бастау экранында simple (жалпы) деп жазып, одан кейін HP SimplePass пəрменін
таңдаңыз.
2. HP SimplePass бағдарламасының сəлемдесу экраны ашылған кезде Get Started It's Easy
(Жұмысты бастау: оңай) пəрменін таңдаңыз.
3. HP SimplePass бағдарламасы оң сұқ
саусағыңызды сенсордан өткізуіңізді ұсынады.
4. Тіркеуді аяқтау үшін саусағыңызды 3 рет жылжытыңыз.
Саусақ сəтті тіркелгеннен кейін оның белгішесі жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі.
5. Төмендегі əрекеттердің бірін таңдаңыз:
Windows жүйесіне кіру параметрін орнату – Windows құпиясөзін орнатуға мүмкіндік
береді.
Параметрлержеке параметрлерді ажыратуға немесе қосуға мүмкіндік береді.
Windows жүйесіне кіру параметрін орнату
1. Жұмыс үстеліндегі HP SimplePass белгішесін екі рет басыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) белгішесін нұқып, Настройка входа в Windows (Windows
жүйесіне кіру параметрін орнату) пəрменін таңдаңыз.
3. Windows құпиясөзін енгізіп, Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану 83