HP Officejet Enterprise Color X555 - User's Guide

Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай əр түрлі болады.
3. Paper/Quality (Басып шығару) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен More... (Көбірек...) опциясын таңдаңыз.
5. Type is: (Түрі:) опцияларының тізімін жайыңыз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің са
натын жа
йыңыз.
7. Қолданыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
8. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін
басыңыз. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK
түймешігін басыңыз.
Қосымша басып шығару тапсырмалары
АҚШ-та www.hp.com/support/ojcolorX555 торабына өтіңіз.
АҚШ-тан тыс жерлерде
www.hp.com/support торабына өтіңіз. Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз.
Troubleshooting (Ақаулықтарды жою) түймешігін басыңыз. Өнім атауын енгізіп, Search (Іздеу)
опциясын таңдаңыз.
Белгілі бір басып шығару тапсырмаларын орындау үшін нұсқаулар қол жетімді, мысалы:
Басып шығару таңбашаларын не
месе алдын ала орнатылған параметрлерін жасау жəне
пайдалану
Қағаз өлшемін таңдау немесе өзгертілмелі қағаз өлшемін пайдалану
Парақ бағдарын таңдау
Буклет жасау
Құжатты белгілі бір қағаз өлшеміне сыятындай масштабтау
Құжаттың бірінші немесе соңғы беттерін басқа қағазға ба
сып шығар
у
Құжатқа су таңбаларын басып шығару
30 Бап 4 Басып шығару
KKWW