HP Officejet Enterprise Color X555 - User's Guide

Өнімнің SSID мəнін өзгерту үшін осы процедураны орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) мəзіріне өтіп, оны
түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Желі параметрлері
Сымсыз байланыс мəзірі
Wireless Direct (Сымсыз түрде тікелей қосу)
SSI
D
3. SSI
D name (SSID атауы) аумағын түртіңіз.
4. Атауын өзгерту үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
5. OK түймешігін түртіңіз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу
арқылы басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: бұл мүмкіндікті қолдану үшін өнімнің ішкі бағдарламасын жаңарту қажет болуы
мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосылған жəне Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы
керек.
Өнімде HP Web Services қосулы болуы жəне өнім HP Connected қызметіне тіркелуі керек.
HP веб-қызметтерін қосу жəне HP Connected арқылы тіркеу үшін мына проц
едураны орындаңыз:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ə.
Веб-шолғышты ашыңыз жəне мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын
дəл өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter
пернесін басыңыз. EWS ашылады.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін, www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
38 Бап 4 Басып шығару
KKWW