Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth – иесінің сауда белгісі жəне Hewlett-Packard компаниясы оны лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows – Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. SD логосы осы меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ......................................
Beats аудионы қолдану ................................................................................... 17 Бейнені пайдалану ........................................................................................................................... 17 HDMI құрылғысын жалғау ................................................................................................ 17 HDMI aудио параметрлерін анықтау ..............................................................................
Бағдарламалар мен драйвтарды жақсарту ................................................................... 34 Компьютерді тазалау ....................................................................................................... 35 Сенсорлық тақта, тінтуір мен пернетақтаны тазалау ................................... 35 Қауіпсіздік шараларын қолдану ....................................................................................................... 35 Құпия сөз орнату .................................
Компьютер күтпеген жерден өшіп қалды. ...................................................................... 47 Орнату аспабының ақаулықтары .................................................................................................... 47 Компьютер орнату аспабына кірмейді. .......................................................................... 47 Дисплей мəселелері .........................................................................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер сіздің жұмысыңыздың жəне ойын-сауығыңыздың сапасын арттыруға арналған мықты құралы. Бұл компьютердің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану туралы, орнатқаннан кейін қолдануға болатын жəне осы компьютер арқылы іске асыруға болатын қызықты нəрселер жəне HP дереккөздері туралы ақпаратты толығырақ қайдан алуға болатыны жайлы осы бөлімнен оқыңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді қосып, осы нұсқаулықты ашу үшін сіз орнату нұсқаулықтары қызметін қолдандыңыз. Өнім сипаттамаларын, қолдану туралы кеңестер жəне басқа ақпараттарды іздеу үшін осы таблицаны қолданыңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Windows 8 негізгі ақпарат нұқсқаулығы ● Windows 8 жүйесін қолдану жолдарын шолу.
Ресурстар Мазмұны Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер ● Ережелер туралы маңызды ақпарат. ● Осы компьютерге қатысты арнайы кепілдік мəліметтері. Бұл нұсқаулықты ашу үшін HP қолдау қызметі бөлімін бастау экранынан таңдап, менің компьютерім, одан кейін қолданушы нұсқаулығы бөлімдерін таңдаңыз. Шектеулі кепілдік* Бұл нұсқаулықты ашу үшін HP қолдау қызметі бөлімін бастау экранынан таңдап, менің компьютерім, одан кейін кепіл жəне қызметтер бөлімдерін таңдаңыз немесе http://www.hp.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Қатты дискіні табу Компьютерде қандай қатты диск орнатылғанын білу үшін: 1. Бастау экранынан c əрпін теріп, одан кейін басқару панелі пəрменін таңдаңыз. 2. Жүйе жəне қауіпсізідк бөлімін таңдаңыз, одан кейін жүйе аймағынан құрал менеджері тармағын басыңыз. Компьютерде орнатылған барлық құралдардың тізімі көрсетіледі.
Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) WLAN aнтенналары (2)* Сымсыз сигналдарды жіберу немесе қабылдау. (2) Веб камера Бейнетаспа жазады жəне суретке түсіреді. Веб камераны қолдану үшін бастау экранынан c əрпін теріңіз, одан кейін камера пəрменін таңдаңыз. (3) Веб камера шамы Қосу: Вебкамера қосулы. (4) Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болса, оны қосу үшін түймені басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, түймені басып, күту күйінен шығыңыз.
Оң жағы Бөлік 6 Сипаттама (1) Қатты диск шамы Жыпылықтау: Қатты диск қолданыста. (2) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 1.0, USB 2.0 немесе USB 3.0 құралдарын жалғап, USB 3.0 құралдары үшін жетілдірілген USB қуат мүмкіндіктерін қамтамасыз етіңіз.
Сол жағы Сол жағы 7
Бөлік (1) Сипаттама Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/ Аудио-кіріс (микрофон) ұясы Құлақаспаптар, стерео спикерлер, құлаққаптар, құлақтығындар, теледидар аудиосы немесе құлаққап пен микрофон жинағы сияқты қосымша құралдарды қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын ережелер, қауіпсіздік жəне қоршаған орта тура туралы ескертулер бөлімінен қараңыз.
Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) Ішкі микрофондар (2) Айналадағы шуды автоматты түрде сүзгіден өткізіп, жаңғырықты жоятын таспа аудиосы. (2) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Компьютерге қосымша қауіпсіздік кабелін жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі компьютерді дұрыс қолданбаудан немесе ұрлаудан əрқашан қорғай алмайды. (3) USB порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын жалғау. (4) RJ-45 (желі) ұясы Желі кабелін қосу.
Түбіндегі Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) Ішкі құрамдас бөлшектерін желдету үшін компьютерді қосыңыз. Желдеткіштер (5) ЕСКЕРІМ: Желдеткіш ысып кетуден сақтау үшін автоматты түрде іске қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (2) USB порты Сымсыз пернетақта, тінтуір жəне сенсорлық панельге арналған USB қабылдағышын қосады. ЕСКЕРІМ: (3) USB қабылдағышы Бұл USB порты осы қабылдағышқа арналып жасалған.
компьютермен бірге беріледі. Бұл ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Компьютеріңізді жəне сымды немесе сымсыз желі байланысын қолданып, миллиондаған вебсайттардан жаһандық ақпаратқа қол жеткізе аласыз. Осы тарау сол əлемге қосылуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология ақпараты сымның орнына радио толқындарын қолданып жеткізеді. Компьютеріңіз мына сымсыз құралдардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Жергілікті аймақтық сымсыз желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерді жергілікті аймақтық сымсыз желілерге қосады.
WLAN жүйесін орнату WLAN жүйесін орнатып, интернетке қосылу үшін сізге мына құралдар қажет: ● Кең-жолақты модем (DSL немесе кабель) (1) жəне интернет жабдықтаушыдан сатып алынатын жылдам интернет қызметі. ● Сымсыз рутер (2) (бөлек сатылады) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдерде орнатылған сымсыз рутер болады. Модем үлгісін анықтау үшін интернет жабдықтаушымен (ISP) хабарласыңыз. ● Сымсыз компьютер (3) Төмендегі суретте интернетке қосылған сымсыз желінің мысалы берілген.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. WLAN жүйесін жалғау WLAN жүйесіне қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютердегі WLAN құралының қосылып тұрғанын тексеріңіз. 2.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану HP компьютеріңізді вебкамераны қолданып, музыка тыңдап, киноларды жүктеп алу үшін ойынсауықтық құрал ретінде қолданыңыз. Немесе, компьютеріңізді бұрынғысынан да мықты ойынсауық орталығы ретінде қолдану үшін, спикерлер, құлаққаптар жəне ойын құралын қосыңыз.
Құлаққаптарды қосу Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Ойын құрылғысы немесе сандық қабылдағыш сияқты жоғарғы анықтағышты құралдарды компьютеріңізге жалғауға болады. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын құралға жалғаңыз. 3. Егер компьютер экраны автоматты түрде ауыстырылмаса, компьютер экранын HDMI құрылғысына ауыстыру үшін fn+HDMI 4. пернелерін басыңыз. Таңдау үшін енгізу, артқа пернелерін, жоғары немесе төмен жебелерін қолданыңыз.
CyberLink MediaSuite бағдарламасын пайдалану туралы ақпарат алу үшін бағдарламаның анықтамасын қараңыз. Құралдарға ортақ медиа мен деректерді қолдану. Компьютерде жақын алаң қарым-қатынасы (NFC) орнатылған, бұл қызмет құралдарды қосуды, сандық ақпарат алмастыруды жəне сенсор жүйесі арқылы транзакцияларды орындауды жеңілдетеді. NFC жүйесі бар құралды компьютерге қосу арқылы екі құрал арасында деректер аз мөлшерде тасымалданады.
5 Пернетақта мен меңзеу құрылғыларын қолданып шарлау. Компьютер құрамында сымсыз пернетақта, тінтуір жəне шарлауды жеңілдететін сенсорлық панель бар. Сенсорлық панельді қолданып, Windows 8 сенсорлық қимылдарымен танысыңыз. Жабдықтардан батарея жапсырмасын алып тастаған соң. автоматты түрде компьютермен қосақталады. ЕСКЕРІМ: Компьютер тұғырының түбіндегі арнайы USB портында алдын-ала орнатылған сымсыз қабылдағыш бар.
Түрту Экраннан таңдау үшін меңзерді экрандағы элементке бағыттаңыз да, бір саусағыңызбен сенсорлық панельді басыңыз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Таңдалған элемент туралы ақпараты бар анықтамалық экранды ашу үшін экранды басып ұстап тұрыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы элементті таңдау үшін мəзір таңдауларын жасау мүмкіндігін ұсынады. Сенсорлық панельге екі саусақты қойып, таңдалған элементтің мəзір таңдауларын ашу үшін төмен қарай басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығымен басқарылады. Қысу/керу Қысу жəне ұлғайту əрекеттері суреттерді немесе мəтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға бірге қойып, олардың арасын алшақтатыңыз. ● Ұлғайту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға алшақтата қойып, олардың арасын жақындатыңыз. Шетінен сырғыту Параметрлерін өзгерту жəне бағдарламаларды іздеу немесе қолдану тапсырмаларын орындау үшін шетінен сырғытуды қолданыңыз.
Оң жақ шетінен сырғыту Оң жақ шетінен сырғыту арқылы чармдардарды ашып, бағдарламаларды іздеу, бөлісу, бастау, құралдарды табу немесе параметрлерін өзгертуге болады. Оң жақ шетінен саусағыңызды абайлап сырғытыңыз, сонда чармдар пайда болады. Жоғарғы шетінен сырғыту Жоғарғы шетінен сырғыту қолданбалы бағдарламалардың тізімін ашады. Жоғарғы жағынан сырғытуды орындау үшін, сенсорлық панельдің жоғарғы жағынан ортасына қарай сырғытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта мен тінтуір арқылы элементтерді таңдау үшін, таңдалған элементтің атауын жазып, сенсорлық панель арқылы орындалатын функцияларды орындауыңызға болады. Пернетақта сондай-ақ əрекет пернелерін қолданып, белгілі бір функцияларды орындау мүмкіндігін береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows таңбалы перне ашылған бағдарламалардан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу мүмкіндігін береді.
Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) f lock пернесі Жоғарғы қатардағаы пернелерді əрекеттік пернелер немесе функциялық пернелер күйіне ауыстырады. Əрекеттік перне қызметін өшіру үшін fn+f lock пернелерін басыңыз, сонда пернетақта стандартты функциялық қалпына оралады. Əрекеттік перне қызметін өшірген соң, тағайындалған функцияны іске қосу үшін fn пернесін қажетті əрекеттік пернемен бірге басу қажет. Əркеттік перне қызметіне оралу үшін, fn+f lock пернелерін қайта басыңыз.
ЕСКЕРІМ: f lock пернесі жоғарғы қатардағаы пернелерді əрекеттік пернелер немесе функциялық пернелер күйіне ауыстырады. Əрекеттік перне қызметін өшіру үшін fn+f lock пернелерін басыңыз, сонда пернетақта стандартты функциялық қалпына оралады. Əрекеттік перне қызметін өшірген соң, тағайындалған функцияны іске қосу үшін fn пернесін қажетті əрекеттік пернемен бірге басу қажет. Əрекеттік перне қызметіне оралу үшін, fn+f lock пернелерін қайта басыңыз.
Таңбалық пернелері Таңбалы қ перне Перне Сипаттама Ашық бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына оралады. Пернені қайта бассаңыз, алдыңғы экранға ораласыз. + c Чармдарды ашады. + d Windows жұмыс үстелін ашады. + табулятор Ашық бағдарламалар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: тұрыңыз. alt + f4 Осы пернені қажетті қолданба көрсетілгенше басып ұстап Ашылған қолданбаны жабады.
6 Қуат басқару Ұйқы немесе күту режимін қосу Windows жүйесінің қуат үнемдейтін екі күйі бар: ұйқы жəне күту. ● Ұйқы–бұл режим компьютер біраз уақыт қолданылмаса автоматты түрде қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады, сондықтан жұмысыңызға жылдам оралуыңызға болады. Ұйқы күйіне қолмен қоюға да болады. Толығырақ ақпарат үшін, Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу 28-бетте бөлімін қараңыз. ● Күту–бұл режим компьютер ұйқы күйінде ұзақ уақыт тұрса, автоматты түрде қосылады.
4. Қуат түймесін басқанда аймағынан күту режимін таңдаңыз. 5. Өзгертулерді сақтау пəрменін басыңыз. Күту режимінен шығу үшін қуат түймесін басыңыз. Қуат шамдары жанып, экрандағы соңғы жұмысыңыз көрсетіледі. Егер ұйқы режимін қосқанда құпия сөз талап етілсе, жұмысыңызды жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізіңіз. Оянғанда кезде құпиясөзбен қорғау Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз талап етілуін орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай қадамдары көрсетілген кезекпен орындап көріңіз: 30 ● ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан қосу таңбасын басып, одан кейін өшіру пəрменін басыңыз. ● Қосу түймесін басып, 5 секундтан кем ұстаңыз. ● Қосу жəне үнсіз түймелерін басып, ұстап тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Қатты дискілер деген сандық сақтау құралдары немесе ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне ашуға көмектесетін қатты күй дискілері. Компьютеріңізде ішкі қатты драйв орнатылған, ол жеке файлдар мен компьютерлік бағдарлама жəне жұмыс жүйесін сақтайды. Қосымша сыйымдылық немесе қосымша функциялар үшін, оптикалық драйв немесе қатты драйв сияқты сыртқы драйвтарды (бөлек сатылады) қосыңыз.
USB құралын алу ЕСКЕРТУ: USB қосқышын бүлдіріп алмау үшін, құралды ажыратқанда кабелінен тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту немесе жүйенің жауап бермеу қаупін азайту үшін, USB құралын қауіпсіз алу үшін мына қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, құралға қатысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінен тапсырмалар тақтасының оң жақ түбінде орналасқан хабарландыру аймағындағы құрал таңбасын басыңыз. Құралды қауіпсіз алу жəне медианы шығару деген хабар көрсетіледі. 3.
3. Картаны ішке қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
8 Жоғары өнімділік күйі Kомпьютерді осы бөлімде сипатталған жұмыс операциялары мен аспаптарды қолдану үшін жоғарғы өнімділік күйінде ұстаңыз. Құралды таза ұстау жəне бағдарламаларын жаңартып отыру сияқты негізгі шаралардан бастаңыз. Сондай ақ, құпия сөз, вирустан қорғау жəне ұрлықтан қорғау шаралары сияқты маңызды қауіпсіздік мəселелеріне де мəн беріңіз. Қолдау тобына хабарласу қажет болғанда немесе компьютер жүйесіне диагностика жасағанда, жүйе параметрлерін қалай табу керек екенін білуіңіз керек.
Компьютерді тазалау Компьютерді таза ұстау жақсы жұмыс күйін қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТУ: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар қолднбаңыз, олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау сұйығымен дымқылданған шүберекпен абайлап сүртіңіз. Басқа беткейлерін тазалау үшін бактерицидті сұйықпен дымқылданған сүрткіш қолданыңыз. Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар компьютерді сызаттауы мүмкін.
құпия сөз Функция Пайдаланушы құпия сөзі Windows қолданушысының есеп жазбасын қорғайды. Компьютеріңізді ұйқы күйінен шығарда құпия сөз талап етуге реттеуге болады. Əкімші құпиясөзі Компьютердің əкімшілік деңгейдегі мазмұнын қорғайды. Интернет қауіпсіздігі бағдарламасын қолдану Компьютерді электрондық пошта, желі немесе интернет үшін қолданғанда, вирус, тыңшы немесе басқа желі қатерлері болуы мүмкін.
Орнату аспабын (BIOS) іске қосу Орнату аспабын (BIOS) іске қосу үшін, компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз, esc, одан кейін f10 пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Егер компьютер орнату аспабына кірмесе, fn+f lock пернелерін, одан кейін орнату аспабын іске қосу пəрменін қайта басыңыз. Орнату аспабын (BIOS) қалай шарлау керек екені жайлы ақпарат эрканның түбінде орналасқан. Орнату аспабының (BIOS) қауіпсіздік құпия сөзі.
9 Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне жөндеу Компьютеріңізде HP компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын жəне қажет кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға болады.
қалпына келтірілмесе немесе файлдар бүлінсе, файлдарды файл тарихын қолданып қалпына келтіруге болады. Файлдарды қалпына келтіру компьютерді Windows жүйесін қайта орнату арқылы немесе HP қалпына келтіру менеджері арқылы қайта реттегенде пайдалы. ЕСКЕРІМ: Файл тарихы компьютердің бастапқы күйінде қосылмаған, сондықтан оны қосу керек. Windows файл тарихы туралы қосымша ақпаратты жəне қосу қадамдарын Windows анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз.
Қалпына келтіру жəне жөндеу Қалпына келтірудің бірнеше жолы бар. Қолданылатын əдіс жағдайға жəне тəжірибеңізге байланысты: ● Егер жеке файлдар мен деректерді қалпыне келтіру қажет болса, Windows файл тарихы қызметін қолданып, жасақталған сақтық көшірмелерін қалпына келтіруге болады. Windows файл тарихы туралы қосымша ақпаратты жəне қолдану қадамдарын Windows анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Windows жаңалау қызметін жылдам жəне оңай қалпына келтіру үшін қолдану Компьютер дұрыс жұмыс істемесе жəне сізге жүйені тұрақтандыру қажет болса, Windows жаңалау опциясы жаңалап алып бастауға жəне маңызды нəрселерді сақтап қалуға көмектеседі. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жаңалау жұмыс үстеліндегі зауытта орнатылмаған барлық қолданбаларды алып тастайды. ЕСКЕРІМ: Жаңалау кезінде алынған қолданбалар тізімі жұмыс үстеліне сақталады, қайта орнатылатын қолданбаларды сол тізімнен жылдам қарауға болады.
Барлығын алып, Windows жүйесін бастау экранынан орнату: 1. Чармдарды көрсету үшін меңзерді бастау экранынан экранның оң жақ түбіндегі жоғарғы немесе төменгі бұрышына бағыттаңыз. 2. Параметрлер тармағын басыңыз. 3. Экранның төменгі оң жақ бұрышынан PC параметрлерін өзгерту пəрменін басыңыз, одан кейін PC параметрлері экранынан жалпы тармағын таңдаңыз. 4. Барлығын алып, Windows жүйесін қайта орнату тармағынан бастау пəрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үшін HP қалпына келтіру медиасын қолдану HP қалпына келтіру медиасын түпнұсқа жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Бұл əдісті егер жүйеңізде HP қалпына келтіру бөлшегі болмаса немесе қатты диск дұрыс жұмыс істемесе қолданыңыз. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдарды көшіріңіз. 2. Өзіңіз жасаған қалпына келтіру медиасын (USB флэш драйвы немесе қосымша сыртқы драйвтағы DVD) енгізіп, компьютерді қайта бастаңыз.
10 Ақауларды жою Сымсыз байланыс мəселелері Кейбір сымсыз байланыс мəселелерінің себептеріне мыналар жатады: ● Сымсыз құрал қосылмаған. ● Сымсыз құрал дұрыс орнатылмаған немесе өшірілген. ● Сымсыз құралға басқа құралдардан кедергі бар. ● Сымсыз құрал немесе рутер құралы жұмыс істемейді. WLAN жүйесіне қосыла алмады. WLAN жүйесіне қосылу мəселесі туындаса, орнатылған WLAN құралы қосылып тұрғанын жəне компьютерде дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. 1. Компьютердің сымсыз құрылғысы қосулы екенін тексеріңіз.
Қауіпсіздік коды мəселе болмаса, WLAN жүйесі бүлінген болуы мүмкін. Əдетте Windows жүйесі бүлінген WLAN байланысын автоматты түрде жөндейді. ● Хабарландыру аймағының тапсырмалар бағанасының оң жақ түбінде желі күйінің таңбасы бар болса, таңбаның оң жағын басып, ақаулықтарды жою пəрменін басыңыз. Windows желі құралын қайта реттеп, қажетті желіге қосуға əрекеттенеді. ● Егер хабарландыру аймағында таңба болмаса, мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Бұл мəселені шешу үшін, WLAN құралы бағдарламасыныңы соңғы нұсқасын жəне драйверін http://www.hp.com HP вебсайтынан алыңыз. 1. Интернет браузерін ашыңыз. 2. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/go/contactHP. Əлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html. 3. Бағдарлама жəне драйверді жүктеу үшін опцияны басыңыз, одан кейін компьютер үлгісінің нөмірін іздеу терезесіне жазыңыз. 4.
Компьютер жауап бермейді. Windows тапсырма менеджерін қолданып, жауап бермеген бағдарламаларды жабыңыз. 1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. 2. Тапсырмалар мендежері түймесін басыңыз. 3. Жауап бермейтін бағдарламаны таңдап, тапсырманы аяқтау түймесін басыңыз. Бағдарламаларды жабу жұмыс істемесе, компьютерді қайта бастаңыз. 1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. 2. Қосу таңбасын басыңыз, одан кейін қайта бастау пəрменін таңдаңыз.
3. Дисплей тармағынан экран ажыратымдылығын реттеу пəрменін таңдаңыз. 4. Ажыратымдылықты қажетінше реттеп, қолдану түймесін басыңыз. Пернетақта, тінтуір жəне сенсорлық панель мəселелері ● Сымсыз пернетақтаны немесе сымсыз тінтуірді қабылдау аумағында қолданып отырғаныңызды тексеріңіз. ● 20 минут қолданылмаған тінтуір тоқтату режиміне қосылады. Қайта қосу үшін тінтуірдің сол жақ түймесін басыңыз. ● Пернетақтадағы жəне тінтуірдегі батареяларды ауыстырыңыз.
4. Қосу түймесін басып (3), 5-10 секундтай жарықдиодты шамы жанғанша немесе қабылдағыш жарқылы тоқтағанша ұстап тұрыңыз. 5. Қосу түймесін басып (4), 5-10 секундтай жарықдиодты шамы жанғанша немесе қабылдағыш жарқылы тоқтағанша ұстап тұрыңыз. Aудио мəселелері Дыбыс шығарылмады ● Спикерлердің қосылып тұрғанын тексеріңіз. ● Спикерлер арқылы немесе компьютер жұмыс жүйесі арқылы дыбысын реттеңіз. ● Компьютерді өшіріп, динамиктерді ажыратып, қайта қосыңыз. Спикерлердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Компьютерде аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранынан c əрпін теріп, одан кейін басқару панелі пəрменін таңдаңыз. 2. Құрал жəне дыбыс тармағынан дыбыс бөлімін таңдаңыз. 3. Дыбыс терезесі ашылғанда, дыбыстар пернесін басыңыз. Бағдарламалар оқиғалары тармағынан дыбыс сигналы немесе ескерту дыбысы сияқты кез-келген дыбыс түрін таңдаңыз, одан кейін сынау түймесін басыңыз. Спикерлер немесе құлаққаптар арқылы дыбыс шығады.
11 Техникалық сипаттамасы Жұмыс сипаттамалары ЕСКЕРІМ: Электр сипаттамаларын дəл анықтау үшін компьютер корпусының сыртқы жағында орналасқан компьютердің жұмыс параметрлері бар жапсырманы қараңыз.
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу—екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 2 саусақпен басатын сенсорлық панель қимылы 21 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 17 ақауларды жою 44 аудио функциялары 49 дисплей бос 47 Компьютер жауап бермейді. 47 компьютер күтпеген жерден өшіп қалды.
Қ қайта қолдану компьютер 40, 41 қайта қосақтау, сымсыз пернетақта, тінтуір жəне сенсорлық панель 48 Қайта орнату компьютер 40, 41 қадамдар 41 қалпына келтіру 40, 41 HP қалпына келтіру медиасын қолдану 39 HP қалпына келтіру менеджері 42 USB флэш драйвы 43 Windows файл тарихы 40 дискілер 43 драйвы 39 жүйе 42 қолдауы бар драйвтар 39 медиа 43 іске қосу 42 қалпына келтіру бөлшегі алу 43 қалпына келтіру медиасы HP қалпына келтіру менеджерін қолданып жасау 39 жасау 39 қатты диск шамы, анықтау 6 қауіпсіздік, сымсы
оң жақ шеті 23 сол жақ шеті 23 Т таңбалық пернелер, Windows 8 26 техникалық сипаттамалары 51 торап 31 түймешіктер 5 түпнұсқа жүйені қалпына келтіру 42 Ұ Ұйқы қосу 28 шығу 28 ұялары aудио-кіріс (микрофон) 8 RJ-45 (желі) 9 аудио-шығыс (құлаққап) 8 ұяшықтар қауіпсіздік кабелі 9 HDMI-кіріс порты анықтау 9 HDMI пернесі, анықтау 25 HDMI үшін дыбыс парметрлерін реттеу 18 HP қалпына келтіру бөлшегі 42 алу 43 HP қалпына келтіруді басқарушы 42 HP қалпына келтіру медиасы жасау 39 қалпына келтіру 43 HP қалпына келтіру