Ноутбук Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. AMD белгісі Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының, SD логотипі оның иесінің, ал Microsoft жəне Windows АҚШта тіркелген Microsoft корпорациясының сауда белгілері болып табылады. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта ................................................................................................. 30 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 30 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 30 Сенсорлы тақтаны қолдану .............................................................................................
Күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғауды орнату ............................................................................................................................... 49 Қуат көрсеткішін қолдану ................................................................................................. 49 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ..................................................... 50 Батарея қуатын пайдалану ..........................................
Қатты дискілерді пайдалану ............................................................................................................ 65 Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану ................................................................. 66 Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою .............................................. 67 Қызмет көрсетуге арналған есікті алу ............................................................ 67 Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу .............
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану ............................................................................ 92 Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ..................................................................... 92 HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................................................................................................................... 93 Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ...
14 Техникалық сипаттамасы ...................................................................................................................... 114 Тұтынылатын қуат .......................................................................................................................... 115 Жұмыс ортасы ................................................................................................................................ 116 Қосымша а Компьютерді сапарға алып шығу .................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 23-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 91-бетте бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін HP Support Assistant app (НР қолдау жөнінде көмекші) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/ orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі.
Бөліктер (1) Қуат түймешігі ● Қосулы: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешіктер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік 8 Сипаттама (3) Веб-шолғыш түймешігі Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпиясөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk, esc пернесімен немесе басқа пернелермен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта 30-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) экранын көрсетеді.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk, esc пернесімен немесе басқа пернелермен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта 30-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) экранын көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша əдепкі орнына қалпына келтірген.
Оң жақ көрінісі ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) USB 3.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. (2) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. (3) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (4) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) ● Қосулы: оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: оптикалық диск жетегі əрекетсіз тұр.
Бөлік (1) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (3) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) ● Қосулы: оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: оптикалық диск жетегі əрекетсіз тұр. (4) 14 Сипаттама Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Бап 2 Компьютермен танысу Оптикалық диск салғышты шығарады.
Сол жақ көрінісі ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, алайда компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. (2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптері қосылады. (3) Айнымалы ток адаптері/батарея шамы ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбысты жазады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста.
Бөлік (6) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді немесе егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, еліңіздегі немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертпелері бөлімін қараңыз.
Бөлік (6) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді немесе егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, еліңіздегі немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертпелері бөлімін қараңыз.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Батарея/қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары ● Батарея босату ысырмаларын бір рет жылжыту арқылы ұясынан шығарылады. ● Батарея ұясынан шығарылғаннан кейін, қызмет көрсетуге арналған есік босату ысырмаларын екінші рет жылжыту арқылы ашылады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (3) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN module жəне жад модульдерінің ұяларын қорғайды.
Компьютер түбіндегі бөліктерді анықтау ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Келесі суреттерде қызмет көрсетуге арналған есік көрсетілмейді.
22 Бөліктер Сипаттама (3) SIM модулі (тек таңдаулы үлгілерде) (4) WWAN модулі (тек таңдаулы үлгілерде) (5) WLAN модулі (тек таңдаулы үлгілерде) Бап 2 Компьютермен танысу
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі жолжоспарлағышын орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (таңдаулы үлгілерде ғана) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. Таңдау үшін сенсорлы тақтады немесе сенсорлы экранды (таңдаулы үлгілерде ғана) бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Сонымен қатар, таңдалған элемент туралы ақпараты бар анықтамалық экранды ашу үшін экранды басып ұстап тұрыңыз. КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның немесе сенсорлы экранның (тек таңдаулы үлгілерде) үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: 34 Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
Шымшу/Масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Жылдам перне fn пернесінің жəне esc пернесі немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді. fn+f1 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f9 Үндеткіш дыбысын арттырады fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады. fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады. fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады. Пернетақталарды пайдалану Компьютерде енгізілген сандық пернетақта немесе ішкі сандық пернетақта бар.
Бөлік (2) Сипаттама Кірістірілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, кірістірілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
Кірістірілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру Кірістірілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Кірістірілген сандық пернетақтаны сөндіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда, кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.)Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді. Сыртқы пернетақтадағы num lk қосулы болғанда, компьютердегі num lock шамы да жанып тұрады.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам п
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейінің жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
HDMI (тек таңдаулы үлгілерде) HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Колонки (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства для воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін береді. Сымсыз дисплейді пайдалану үшін, сымсыз ТД адаптері (бөлек сатылады) қажет. Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар DVD дискісі Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмауы мүмкін. (Бірақ сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі жоқ DVD дискісі ойнатылатын болады.) Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар Blu-ray дискілері Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмайды.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін көру үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы не ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық күйді қоспаңыз.
3. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 4. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 5. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен деңгейге жеткен кезде хабарлама көрсетеді. Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу Анықтама жəне қолдау бөлімінен батареяға қатысты мына құралдар мен ақпаратты табуға болады: ● Батареяның өнімділігін тексеруге арналған батареяны тексеру құралы ● Тексеру, қуатты басқару жəне батареяның қызмет ету мерзімін неғұрлым арттыру үшін жасалатын күтім жəне сақтау туралы ақпарат ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея туралы ақпаратты ашу үшін: ▲ Бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріңіз, од
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат беріледі. Батареяны тексеру құралын қосу үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы дұрыс жұмыс істейді. 2. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін анықтау Компьютер үшін жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен деңгейге жеткенде мынадай əрекеттер орын алады: ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея төмен деңгейге жеткенін көрсетеді. – немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін қолдану 49-бетте бөлімін қараңыз.
2. Батареяны (1) батарея ұясына орнына түскенше итеріп салыңыз (2). Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
3. Батареяны жоғарыға сырғытып (2), батарея ұясынан (3) шығарып алыңыз. Батареяның қуатын үнемдеу ● Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры электропитания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз. ● Windows басқару тақтасындағы қуат параметрлерінің ішінен қуатты үнемдеп пайдалану параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы үлгілерде) АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт немесе отқа күю қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, ұсақтамаңыз жəне теспеңіз; сыртқы контактілерді тұйықтамаңыз; от немесе суға тастамаңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаған кезде мына жағдайлар орын алады: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі өзгереді. Сыртқы айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде мына жағдайлар орын алады: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батарея зарядын сақтау үшін экранның жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен жабдықталған. ● Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel екеуі арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады. ● Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады.
Ауыспалы графикалық режимдер қуат талаптарына сəйкес жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Сонымен қатар, жеке бағдарлама үшін параметрлерді қолмен өзгертуге бағдарламаны Недавно открытые приложения (Жақын арада ашылған бағдарламалар) ашылмалы мəзірінен табыңыз немесе Другие приложения (Басқа бағдарламалар) ашылмалы мəзірінің астында орналасқан Просмотр (Шолу) пəрменін таңдаңыз. Жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу режимін ауыстыруға болады.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 64 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін 1. Батареяны алып тастаңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте бөлімін қараңыз). 2.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті жабу үшін, оның ілгектерін компьютердегі кетіктермен туралатындай етіп еңкейтіңіз (1), одан кейін есікті батарея ұясына қарай итеріңіз (2). ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған есікті өз орнына орналастырады (3). 2.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда немесе ұйқылық күйде болған кезде, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Қатты дискіні шығарып алу 1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 3.
6. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін компьютерге қарай тартыңыз жəне қатты дискіні ұясынан шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Кейбір қатты дискілер пластмасса қапшыққа салынады. Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің пластмасса қапшықты шешіп алу керек.
Қатты дискіні орнату 1. Қатты диск жетегін ұясына енгізіңіз. 2. Қатты дискіні қосқышқа қосу үшін, қатты дискідегі (1) пластмасса кесіндісін компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
3. Қатты дискінің төрт бұрандасын (2) орнына салыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 67-бетте бөлімін қараңыз). 5. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 66-бетте бөлімін қараңыз. 6. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте бөлімін қараңыз). 7. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 8.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды: ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару HP 3D DriveGuard құралы дискіні қауіпсіз тоқтатса, компьютер былай əрекет етеді: ● Компьютер өшпейді. ● Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан тыс, компьютерде ұйқылық күй іске қосылмайды. ● Қуат параметрлері ішіндегі Сигналдар қойындысында орнатылған батарея сигналдарын компьютер қоспайды. Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе ұйқылық күйді қосуды ұсынады.
Орнатылған оптикалық дискіні анықтау ▲ Бастау экранында windows деп теріп, Проводник Windows (Windows жетектеушісі) жəне Компьютер пəрмендерін таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 3. 78 Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз.
Диск науасы қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2. Науа босағанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріңіз де, науаны толықтай тартып шығарыңыз (2). 3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі. ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану ● Желіаралық қалқан бағдарламасы ● Windows жаңартулары ● Drive Encryption for HP ProtectTools Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі* Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұр
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды. ЕСКЕРІМ: Құпия сөзді Computer Setup мазмұндарын қорғау үшін қолдану мүмкін емес. Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі барысында DriveLock Passwords параметрінде орнатылады.
Құпия сөз Қызмет Зауыттық əдепкі параметрлерге орнатылған TPM (тек таңдаулы үлгілерде) Жоқ/Иə ● Егер əкімші құпиясөзі орнатылмаған болса немесе TPM Security Device (ТРМ қауіпсіздік құрылғысы) опциясы Hidden (Жасырын) параметріне орнатылған болса, бұл опция көрінбейді.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз. 5. Нұсқау берілгенде, растау үшін, жаңа құпия сөзді қайта теріңіз. 6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
DriveLock қорғанысы қатты диск мазмұндарын рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қызметін тек компьютердің ішкі қатты дискісіне (дискілеріне) қолдануға болады. DriveLock қорғанысы дискіге қолданылса, дискіні ашу үшін, құпия сөзді енгізу керек. DriveLock құпия сөздерімен кіру үшін, диск компьютерге немесе қосымша порт ұзартқышына салыну керек. DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы жəне басты құпия сөздері Computer Setup қызметінде орнатылу керек.
11. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock деп теріп, enter пернесін басыңыз. ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек. 12. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock құпиясөзін орнату) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты ажырату) пəрменін таңдаңыз. 7. Басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз. 8.
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP ProtectTools бағдарламалық құралының Help (Анықтамасынан) қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде веб-сайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 96 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 67-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР бағдарламалардың ең соңғы нұсқаларын жүктеңіз жəне де жаңа нұсқалар бар екені туралы автоматты ескертулерді алу үшін тіркеліңіз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау, жүйені қалпына келтіру медиасын немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін, Windows Backup and Restore (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру) құралын пайдаланыңыз. Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру дискілерін жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 104-бетте бөлімін қараңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады. Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін: 1. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін салыңыз. 2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз. HP Software Setup утилитасын пайдалану HP Software Setup утилитасын драйверлерді немесе зақымдалған не жүйеден жойылған кейбір бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін қолдануға болады. 1.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз: Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Advanced System Diagnostics пайдалану Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы 114 Бап 14 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріңіз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін. Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын тексеріңіз.
● Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз. ● Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару үшін ашылмайды 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз. 2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2) алға тартыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құрал) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Ұйқылық күйді өшіріңіз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз. ● Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан кейін қатты дискіден көшіріңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 90 шығарып алу 91 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 44, 46 айнымалы ток адаптері, тексеру 57 айнымалы ток адаптерін тексеру 57 Айнымалы ток адаптерінің шамы 13, 16 ақаулықтарды жою дискіге жазу 125 дискіні ойнату 123 оптикалық диск салғыш 122 оптикалық дискіні анықтау 123 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 124 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 113 Өнім кілті 113 аудио кіріс (микрофон) ұясы 12 аудио функциялар, тексеру 42 ауди
Ж жад модулі ауыстыру 95 салу 96 шығарып алу 95 жад модулі бөлімі 20 жазылатын медиа 48 жапсырмалар Bluetooth 113 HP мобильді кең жолақты модулі 113 Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігі 113 SIM 113 WLAN 113 сериялық нөмір 113 сымсыз куəлік 113 техникалық деректер 113 жауап қайтармайтын жүйе 47 желдеткіштер, анықтау 15, 16, 20 желіаралық қалған бағдарламасы 92 желі ұясы, анықтау 16 жұмыс ортасы 116 жүйе ақпараты 36 жылдам пернелер, медиа 41 З заряды аз батарея деңгейі 52 И Интернет байланысын орнатқыш 26 К к
П пайдалану қуат көрсеткіші 49 қуатты үнемдейтін күйлер 48 сыртқы айнымалы ток қуаты 56 пайдаланушының құпия сөзі 83 параметрлерді реттеу HDMI үшін дыбыс 45 пернелер esc 10, 11 fn 10, 11, 37 num lk 10, 11 Windows бағдарламалары 10 Windows қолданбалары 11 Windows логотипі 10, 11 дыбыс деңгейі 42 медиа 41 функционалдық 11 функция 10 пернелер тіркесімдері QuickLock 36 аудио ықшам диск, DVD немесе BD дискілерін басқару құралдары 37 батарея заряды 36 дыбысты реттеу 37 жүйе ақпараты 36 пайдалану 36 сипаттама 36 Ұ
тінтуір, сыртқы басым параметрлерді орнату 30 Ұ Ұйқылық күй қосу 48 шығу 48 ұялар RJ-45 (желі) 15, 16 аудио кіріс (микрофон) 12 аудио шығыс (құлаққап) 12 желі 16 қауіпсіздік кабелі 16 ұясы қауіпсіздік кабелі 15 Ү үндеткіштер, анықтау 7, 9 үнемдеу, қуат 55 Ф функционалдық пернелер анықтау 11 функциялық пернелер анықтау 10 функцияны қолдау, USB 106 Х хабтар 61 Ш шамдар caps lock 5, 6 Айнымалы ток адаптері 13, 16 веб-камера 17, 18 Веб-шолғыш 5, 6 диск жетегі 12 қуат 5, 6 оптикалық диск жетегі 13, 14 Сенсорлы т
WLAN антенналары, анықтау 17, 18 WLAN жапсырмасы 113 WLAN желісіне қосылу 27 WLAN жүйесін орнату 26 WLAN құрылғысы 24, 113 WWAN антенналары, анықтау 17, 18 Индекс 131