Laptop User's Guide - Windows 8
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық
қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық
қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мəселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мəселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Компьютер зауыттан жіберілген сəттен бастап амалдық жүйе жаңартуларын жəне басқа да
бағдарламаларды табуға жəне пайдалануға болады. Барлық алуға болатын жаңартулардың
компьютерге орнатылғанына көз жеткізу үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
● Компьютеріңізді реттеп болған соң Windows Update жаңарту қызметін қосыңыз.
● Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
●
Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай
-ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына қатынау үшін бастау
экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
92 Бап 9 Қауіпсіздік