Laptop User's Guide - Windows 8

HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық
құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын
ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға
болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге
рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP ProtectTools бағдарламалық құралының
Help (Анықтамасынан) қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы
ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
93