Laptop User's Guide - Windows 8

Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді
орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге
кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде веб-сайттар мен
басқа да бағдарламалардың құпия сөзін
енгізу үшін пайдалануға болады. Нұсқауларды саусақ
ізін оқу бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу сəйкестілігін жасап болған соң, пайдаланушы аты мен құпия сөзін қажет ететін
кез келген бағдарламаға өкілеттілік жасау үшін саусақ ізі сканерін пайдалаунға мүмкіндік
беретін Бірыңғай кіру қызметін орнатуға болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты құрылғы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы мүмкін.
Оның екі орналасу бағдары саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізетіндігіңізді
талап етеді. Компьютердегі саусақ ізін оқу
құрылғысының орналасқан орны туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
94 Бап 9 Қауіпсіздік