Laptop User's Guide - Windows 8
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты
дисктің сақтық көшірмесін жасау, жүйені қалпына келтіру медиасын немесе жүйені қалпына
келтіру нүктелерін жасау үшін, Windows Backup and Restore (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру) құралын пайдаланыңыз. Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын
сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп теріп, Параметры
(Параметрлер)
пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы толық
нұсқауларды алу үшін Анықтама жəне қолдау орталығында қажет бөлімді іздеңіз. Бастау
экранында справка (анықтама) сөзін теріңіз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз. Бастау экранында справка (анықтама) сөзін
теріңіз, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
101