Laptop User's Guide - Windows 8
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына
келтіру дискілерін жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет Жаңа бағдарлама
жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз
ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып
отыруын жалғастыру қажет. Жүйені
қалпына келтіру медиасы компьютерді іске қосуға (жүктеуге) жəне жүйе тұрақсыз болған
немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі
сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры (Параметрлер)
жəне Сохранить резервные копии файлов с историей
файла (Файлдар журналы бар
файлдардың сақтық көшірмелерін сақтау) пəрмендерін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіде жасауға
болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе,
құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмелердің жасалуын орнату, жүйе кескінін жасау немесе жүйені қалпына
келтіру дискісін жасау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен
Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
●
f11
қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
102 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру