Laptop User's Guide - Windows 8
12 Computer Setup (BIOS) жəне
Advanced System Diagnostics
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Қателер компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Computer Setup қызметін бастау
ЕСКЕРІМ: USB портына жалғанған сыртқы пернетақта немесе тінтуірді Computer Setup
құралымен тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Computer Setup қызметін бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді
таңдау
үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
● Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз.
● Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
106 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics