Laptop User's Guide - Windows 8
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток
көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріңіз, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
2. Компьютеріңізді анықтау үшін жəне жүктелетін BIOS жаңарту файлын алу үшін, Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) іздеу жолағында обслуживание (қызмет көрсету) деп
теріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуы компьютерде
орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір
болған кезде сол жолға кіруге керек
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында windows деп теріп, Проводник Windows (Windows жетектеушісі)
пəрменін таңдаңыз.
2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын
пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды
қатты дискіден жоюға болады.
110 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics