Laptop User's Guide - Windows 8
Advanced System Diagnostics пайдалану
Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының
дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік
береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді:
●
System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы
компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді. System Tune-
Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) құралдарының тексеру уақыты ұзағырақ, жад модульдері,
қатты дискінің SMART сипаттары, қатты дискінің беті,
батарея (жəне батареяның дəлдігін
реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық сынақтары орындалады.
●
Іске қосылу сынағы — бұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі
бөліктерін талдайды.
●
Байқау сынағы — бұл сынақ іске қосылу сынағын қайта орындайды жəне іске қосылу
сынағы барысында анықталмаған оқтын-оқтын мəселелер бар-жоғын тексереді.
●
Қатты диск сынағы — бұл
сынақ қатты дискінің физикалық жағдайын, одан кейін қатты
дискінің əр бөліміндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру барысында бөлімнің
зақымданғаны анықталса, деректер дұрыс бөлімге жылжытылады.
●
Жад сынағы — бұл сынақ жад модульдерінің физикалық жағдайларын анықтайды. Егер
ақаулық анықталатын болса, жад модульдерін бірден ауыстырыңыз.
●
Батарея сынағы — бұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет болса, оның
дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, НР тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне мəселені
хабарлап, басқа батареяны сатып алыңыз.
●
BIOS Management (BIOS басқару) құралы арқылы жүйенің BIOS нұсқасын жаңартуға
немесе қайтаруға болады. Бұл үрдіс барысында компьютердің жұмысын аяқтамаңыз
немесе сыртқы қуат көзінен ажыратпаңыз. BIOS өзгерілмес бұрын растау терезесі
ашылады. BIOS update (BIOS жаңарту), BIOS Rollback (BIOS нұсқасын қайтару) немесе
Back to main menu (Басты мəзірге қайту) параметрін
таңдаңыз.
Advanced System Diagnostics терезесінде жүйе ақпараты мен қателер журналдарын қарап
шығуға немесе тілдерді таңдауға болады.
Advanced System Diagnostics құралын бастау үшін
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
Advanced System Diagnostics пайдалану 111