Laptop User's Guide - Windows 8
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
●
Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмірі (с/н)
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n)
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Модель сипаттамасы
Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету
жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
●
Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігі – Windows өнім кілті туралы ақпаратты қамтиды.
Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін.
Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
●
Техникалық деректер жапсырмасы компьютер туралы техникалық ақпаратты
береді.
Техникалық деректер жапсырмасы қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне
жабыстырылады.
●
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (тек таңдаулы үлгілерде) қосымша сымсыз
құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір мемлекеттер мен
аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді. Компьютерде бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғылар болса, бір немесе бірнеше куəландыру белгісі компьютермен бірге беріледі.
Бұл ақпарат шетелге
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Сымсыз куəлік беру туралы
жапсырма қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне жабыстырылады.
●
SIM (абонентті анықтау модулі) жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) SIM картасының
ICCID кодын (Кірістірілген байланыс картасының кодын) береді. Бұл жапсырма батарея
орнына жабыстырылған.
●
HP мобильді кең жолақты модулінің қызметтік жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық
нөмірін береді. Бұл жапсырма қызмет
көрсетуге арналған есіктің ішінде орналасады.
Жапсырмалар 113