Laptop User's Guide - Windows 8

Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе
DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз.
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару
үшін ашылмайды
1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз.
2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2)
алға тартыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
122 Қосымша ə Ақаулықтарды жою