Laptop User's Guide - Windows 8
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптері қосылады.
(3)
Айнымалы ток адаптері/батарея шамы ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған
жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
●
Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне
батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған.
●
Сары түсте жыпылықтау: жалғыз қуат көзі болып
табылатын батареяның заряды төменгі деңгейге
жетті. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен
кезде батарея жарығы жиі-жиі жыпылықтай
бастайды
.
●
Өшірулі: Батарея заряды толы.
(4) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы —
қалыпты жағдай.
(5)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(6)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(7)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(8)
USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады.
16 Бап 2 Компьютермен танысу