Laptop User's Guide - Windows 8

3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысыКомпьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді
сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
Bluetooth құрылғысы компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
жəне камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке
аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады жəне бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы
тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз. Бастау экранында справка (анықтама) сөзін
теріңіз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс
пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз желіге қосылу 23