Laptop User's Guide - Windows 8
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Жылдам перне fn пернесінің жəне esc пернесі немесе функционалдық пернелердің біреуінің
тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты
көрсетеді.
fn+f1 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, ұйқы күйіне өтпей тұрып, жұмысты сақтап
қойыңыз.
fn+f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде Windows
пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия сөзі енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін
емес.
ЕСКЕРІМ: QuickLock бағдарламасын пайдаланбас бұрын, Windows пайдаланушы құпиясөзін
немесе Windows əкімші құпиясөзін орнату керек болады. Нұсқауларды Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) бөлімінен қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына қатынау үшін
бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареяның
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f8 Үндеткіш дыбысын азайтады.
36 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта