Laptop User's Guide - Windows 8

Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.)Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтадағы num lk қосулы болғанда, компьютердегі num lock шамы да жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lk өшірулі болғанда, компьютердегі num lock
шамы да
өшіп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
40 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта