Laptop User's Guide - Windows 8
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
● Дыбыс деңгейінің жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
● Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Нұсқаулыққа қол
жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant app (НР қолдау жөнінде көмекші)
бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін
таңдаңыз. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Program Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл
сияқты кез келген
дыбыс оқиғасын таңдап, Test (Сынау) түймешігін басыңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында звук (звук) деп жазып, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Start Recording (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін
таңдаңыз.
42 Бап 5 Мультимедиа