Laptop User's Guide - Windows 8
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек
алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Əкімші Мастер настройки администратора безопасности (Қауіпсіздік реттеушісін орнату
шеберінде) немесе HP ProtectTools əкімшілік консолінде Face Recognition (Бет тану) параметрі
үшін қауіпсіздік деңгейін орната алады. Қосымша ақпаратты HP ProtectTools консолімен
жұмысқа кірісу жөніндегі нұсқаулықтан (тек таңдаулы үлгілерде) жəне Face Recognition
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Бейне
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
●
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс)
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте
атты бөлімнен қараңыз.
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы
секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
▲
VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына
қосыңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)43