Laptop User's Guide - Windows 8
HDMI (тек таңдаулы үлгілерде)
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты
өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
44 Бап 5 Мультимедиа