Laptop User's Guide - Windows 8
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі
аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Колонки (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан
кейін Устройства для воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе
Цифровое устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін
таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Колонки (Үндеткіштер) белгішесін түртіп
ұстап тұрыңыз, одан
кейін Устройства для воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Колонки (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Бейне 45