Laptop User's Guide - Windows 8

Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы не ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық күйді қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Бастау экранында меңзерді экранның оң жағына қарай жылжытыңыз. Шебер түймелердің
тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап, Питание (Қуат)
белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
Қуат
түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден
шығу
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін Windows басқару тақтасының «Қуат параметрлері» пəрменін
пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры
электропитания (Қуат параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
48 Бап 6 Қуатты басқару