Laptop User's Guide - Windows 8

3. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
4. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
5. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу
үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде сұралатын құпия сөзбен
қорғауды орнату
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату
үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры
электропитания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
3. Сол жақ тақтадан Запрос пароля
при пробуждении (Режимнен шыққан кезде құпия сөзді
сұрау) параметрін таңдаңыз.
4. Изменение недоступных в данный момент параметров (Қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
5. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөзді сұрау (ұсынылған)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия
сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам өтуге жəне батареяның қалған
зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 49