Laptop User's Guide - Windows 8
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен
деңгейге жеткен кезде хабарлама көрсетеді.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші
белгішесін басып, тізімнен
бір тармақты таңдаңыз. Сонымен қатар, бастау экранында
управление (басқару) деп теріңіз жəне Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Параметры питания (Қуат параметрлері)
пəрмендерін таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде
, белгіше хабар шығарады.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Компьютер айнымалы
ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды жəне
де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты
қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея
болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея
қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Тек таңдаулы
компьютер модельдерінде графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
мақсатында ауыстырылады. Қосымша ақпаратты
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер
(тек таңдаулы үлгілер) 58-бетте бөлімінен қараңыз.
50 Бап 6 Қуатты басқару