Laptop User's Guide - Windows 8
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат
беріледі.
Батареяны тексеру құралын қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы
дұрыс жұмыс істейді.
2. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры электропитания (Қуат
параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру)
тармағын таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның элементтерінің
қалай жұмыс атқарып
тұрғанын тексеріп, тексеру нəтижелерін береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батарея зарядының біту уақытын арттыру
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның
сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батарея зарядының біту уақытын арттыруға арналған кеңестер:
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде
сақтаңыз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін басқару
Бұл бөлімдегі ақпарат зауытта орнатылған ескертулер мен жүйенің реакциясын түсіндіреді.
Кейбір өте төмен батарея деңгейі туралы ескертулерді жəне жүйе реакцияларын Windows
басқару тақтасындағы қуат параметрлері арқылы өзгертуге болады. Қуат параметрлері арқылы
орнатылған параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оборудование
и звук (Аппараттық
құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
пəрменін таңдаңыз.
52 Бап 6 Қуатты басқару