Laptop User's Guide - Windows 8
Батареяның төмен деңгейлерін анықтау
Компьютер үшін жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен деңгейге жеткенде мынадай
əрекеттер орын алады:
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея төмен деңгейге жеткенін көрсетеді.
– немесе –
●
Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде
екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін
қолдану 49-бетте бөлімін қараңыз.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа
қосылады да, компьютер өшірледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Заряды аз батарея деңгейін реттеу
Сыртқы қуат бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР керек-жарағы ретінде сатып алынатын қуат адаптері
Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді
өшіріңіз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
Батарея қуатын пайдалану 53