Laptop User's Guide - Windows 8

3. Батареяны жоғарыға сырғытып (2), батарея ұясынан (3) шығарып алыңыз.
Батареяның қуатын үнемдеу
Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры электропитания (Қуат
параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Windows басқару тақтасындағы қуат параметрлерінің ішінен қуатты үнемдеп пайдалану
параметрін таңдаңыз.
Пайдаланбағанда, сымсыз жəне жергілікті желі байланыстарын өшіріп, модем
қолданбаларынан
шығыңыз.
Сыртқы қуат көзіне қосылмаған, пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратып
тастаңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Батареяның зақымдану қаупін азайту үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары
температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
Батарея қуатын пайдалану 55