Laptop User's Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан
төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы
үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт немесе отқа күю қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, ұсақтамаңыз жəне
теспеңіз; сыртқы контактілерді тұйықтамаңыз; от немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support
Assistant app (НР қолдау жөнінде көмекші) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер
(Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін
таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығында батареяны тексеру құралы батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру
туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда
болады.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютер мен
бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы
ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді айнымалы ток адаптерін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі кез келген жағдайда компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаңыз:
●
Батареяны зарядтау немесе тексеру кезінде.
●
Жүйенің бағдарламалық құралын орнатқан немесе өзгерткен кезде.
●
CD, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне ақпаратты жазу кезінде.
●
Дискіні дефрагментациялау
құралын қосқан кезде.
●
Сақтық көшірме жасау немесе қалпына келтіру кезінде.
56 Бап 6 Қуатты басқару